Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымды аямай ұрған": желіде Алматыдағы балабақшада болған төбелестің видеосы тарады

Опубликовано:

Балабақшаның іші
Балабақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде бірнеше баланың тобындағы бір баланы ұрып-соғып, үстіне шығып тепкілеп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Бұл жайтқа қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kris_p_almaty Telegram арнасында бірнеше баланың бір баланы жабылып ұрғаны түсірілген видео жарияланды. Видеоның сипаттамасында оқиға 21 ақпанда күндіз болғаны айтылған.

Ұлымызды балалар аямай ұрған. Тәрбиеші болмаған, ол жұмыстарымен кетіп қалған. Баланың миы шайқалған, емделу үшін ауруханаға жаттық. Тіпті кішкентай балалардың өзі қандай болатынын көріп жағамызды ұстадық", - деп жазады баланың ата-анасы.

Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне тәрбиешіге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.

"Алынған түсініктемеге сәйкес, бұл кезде педагог балаларға түскі ас алатын бөлмеде болған. Сондықтан ол балабақша тәрбиеленушілерінің тәртібін бақылай алмаған.

Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062622-ulymdy-ayamai-urgan-zelide-almatydagy-balabaqsada-bolgan-tobelestin-videosy-tarady/

pixel