jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бірыңғай уақыт белдеуі: Мемлекеттік кірістер комитеті қолданушыларға үндеу жасады

сағат
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қолданушыларға үндеу жасады.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) назарыңызға 2024 жылғы 29 ақпан сағат 23:30-дан 2024 жылғы 01 наурыз сағат 07:00-ге дейін Астана қаласы уақыты бойынша МКК ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі-МКК АЖ) жаңа сағаттық жүйеге көшу бойынша техникалық жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді. Осыған байланысты, көрсетілген уақытта МКК АЖ қолжетімсіз болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі болады.

Осыған байланысты бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы, сондай-ақ Activ операторы тұрғындарға үндеу жасаған еді.

Бірыңғай уақыт белдеуі: Мемлекеттік кірістер комитеті қолданушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.