Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да жер сілкінді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда сағат 04:58:53-те жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Қытайда афтершок болған.

Алматы қаласында 3 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.

"Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - делінген хабарда.

Айта кетейік, кеше, 24 ақпанда Алматыда екі жер сілкінісі сезілген болатын. Оның бірі сағат 10:08-де болса, екінші жер асты дүмпуі сағат 16:33-те тіркелді.

Жер сілкіністерінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062763-almatyda-tagy-da-zer-silkindi/

pixel