jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматыда тағы да жер сілкінді

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: Anadolu агенттігі

Жексенбі, 25 ақпанда Алматыда тағы да жер асты дүмпуі сезілді. Бұл туралы оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады департаментке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыда сағат 10:16-да жер сілкінісі болған.

  • Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) орналасқан.
  • MSK-64 шкаласы бойынша тұрғындарға 3 балдық дүмпу сезілген.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.

"Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде", - деп хабарланды ведомствада.

Алматыда тағы да жер сілкінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.