jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Павлодар музейі Қаныш Сәтбаевтың ерекше аудиожазбасын жариялады

    Қаныш Сәтбаев
    Қаныш Сәтбаев. Фото: YouTube/Наталья Тележинская

    Аудиожазбадан қазақстандық атақты академиктің жарты ғасырдан астам уақыт бұрын сөйлеген сөзінің үзіндісін тыңдай аласыз, деп жазады Pavlodarnews.kz.

    Павлодар тарихи-өлкетану музейіндегі жаңа экспонат бірегей деп танылып отыр. Өйткені ол – Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жасаған баяндамадан жазылып алынған аудиожазба. Біріншісі – 1959 жылы геологтың Мәскеуде өткен КОКП-ның XXI съезінде сөйлеген сөзі. Онда Сәтбаев қазақ даласы тұзға ғана бай емес екенін айтқан. Академик баяндамасында 200-ден астам ірі ашық кен орнын, соның ішінде Екібастұзды және батыстағы мұнай-газ кен орындарын атап өткен.

    "Толық зерттелмеген күннің өзінде Қазақстанның жер қойнауында түсті, қара, асыл, сирек металдардың барлық дерлік түрі, минералды тыңайтқыштар шикізаты, көмір, тұздар, құрылыс материалдары, сондай-ақ мұнай мен табиғи газдың ірі қоры бар. <…> Қазақстан табиғи байлықтың сарқылмас қоймасына айналды. Ал бұл байлықты игеру қазір қарқынды дамып келеді", - дейді Қаныш Сәтбаев жазбада.

    Бұған қоса музейге 1961 жылы Қазақ КСР құрылғанына 40 жыл толуына арналған митингіде сөйлеген сөзінің фрагменті де тапсырылған.

    Бұл жәдігерді мекемеге павлодарлық қолөнерші Бақыт Сағындықовтың туыстары беріп жіберген. Аудиожазба жылдар бойы отбасылық архивте сақталған.

    Павлодар музейі Қаныш Сәтбаевтың ерекше аудиожазбасын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.