jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Атырау облысында әкімдік ғимаратының алдындағы шырша көктемге дейін тұрды (видео)

Құлап жатқан шырша
Құлап жатқан шырша. Видеодан кадр: nsnstagram.com/hello_atyrau

Көктемге төрт күн қалғанда Атырау облысының Доссор кентінде жаңажылдық шырша алынды. Шыршаны безендірілген заттарымен бірге құлатқан, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Әкімшілік ғимаратының дәл алдында жерде құлап жатқан жаңажылдық шыршаның видеосы әлеуметтік желіде тарап үлгерді.

Құлаған шыршаға қатысты жағдайға әкімдік түсінік берді.

"Біз шыршаны жинақтап жатырмыз, өзіміз құлаттық. Енді тек құрған темірлерін алып, шырша мен ойыншықтары ескіріп жарамсыз болғандықтан, оларды қоқысқа тастаймыз, - деді Доссор кентінің әкімі Асылан Қосамағамбетов.

Әкім шырша неге көктемге дейін тұрды деген сұраққа да жауап берді.

"Желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс айлары емес пе? Сол себептен тұра берсін деп едік", - деп жауап берді әкім.

Басылым мәліметінше, желтоқсан айында бұл шыршаны құруға 1 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалғаны хабарланған.

Атырау облысында әкімдік ғимаратының алдындағы шырша көктемге дейін тұрды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.