jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға 105 мың теңге берілетіні рас па: БҰҰ өкілі жауап берді

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

TikTok желісінде белгісіз әйелдің БҰҰ-ның қазақстандықтарға көрсеткен қаржылық көмегі туралы айтып жатқан видеосы тарады. StopFake порталының фактчекерлері мұның рас-өтірік екенін тексерді.

TikTok желісінде белгісіз бір әйелдің Біріккен Ұлттар Ұйымының қазақстандықтарға көрсеткен көмегі туралы айтып жатқан видеосы тарады.

Оның айтуынша, БҰҰ қазақстандықтарға 105 мың теңге жәрдемақы береді деген болжам бар. Атап айтқанда, көп балалы отбасыларға, 1, 2 және 3-топтағы мүгедектерге, төтенше жағдайдан зардап шеккендер және жасы бойынша барлық зейнеткерге қолжетімді.

Әйел халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл төлемдер туралы ақпаратты жарияламай отырғанын да айтады.

Алайда StopFake.kz авторлары ақпараттың жалған екенін хабарлады.

БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл жаңалық жалған. Айта кету керек, БҰҰ ешқашан бенефициарларға тікелей қаражат бермейді. БҰҰ ұсынатын барлық көмек ресми бағдарламалар мен серіктес ұйымдар, соның ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады", - деп хабарлады БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі.

Зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға 105 мың теңге берілетіні рас па: БҰҰ өкілі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.