Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланды (фото, видео)

Опубликовано:

Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланды
Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланды. Фото: ТЖМ

Сейсенбі, 27 ақпанда таңертең Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланды – терминалдың электр қалқанында өрт шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

"112 пультіне Астана халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқанында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сыртқы белгілеріне сәйкес, №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін шығып, эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген ведомствоның Telegram-арнасындағы хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, сағат 08:24-те Астана әуежайындағы өрт сөндірілді.

Өрт кезіндегі тәртіп ережелері

ТЖМ ресми сайтында өрт болған жағдайда не істеу керектігі айтылған.

Жанудың алғашқы белгілерін жəне түтіннің иісі кезінде 101 теру арқылы өрт сөндіру қызметін немесе 112 теру арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.

Диспетчерге қандай ақпаратты хабарлау қажет?

  • өрттің мекенжайын;
  • өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне т. б.);
  • жанған зат (теледидар, жиһаз жəне т. б.);
  • қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне өрт қабатын, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне т. б.;
  • тегіңіз бен телефонын номеріңізді.

Әңгімелесу кезінде анық және байсалды сөйлеу керек.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 26 ақпанда, Қарағандыда Пархоменко атындағы машина жасау зауытында өрт шыққан болатын. Цех шатырының ағаш жабыны өртенді. Төтенше жағдайда зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063165-astana-auezaiynan-adamdar-evakuaciyalandy/

pixel