jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Оқулықтардың мазмұнын талқылауға енді барша қазақстандық қатыса алады

Сабақ оқып отырған бала
Сабақ оқып отырған бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтарға жаңа әзірленген оқулықтардың мазмұнын талқылауға қатысу мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы биыл 12 ақпаннан бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды", - делінген ведомствоның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, талқылау talkylau.ebmso.edu.kz сайтында жүргізіледі.

Осы сайт арқылы қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты сындарлы пікірін білдіре алады.

Ол үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  • веб-порталда тіркелу;
  • оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу;
  • "түсініктеме қосу" тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулер жазу.

Сайтта жаңадан әзірленген мынандай оқулықтар бар:

  • 3-сыныпқа арналған "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
  • 3,9-11 сыныптарға арналған "Неміс тілі";
  • 5-9 сыныптарға арналған "Жаһандық құзыреттілік" оқулықтары қағаз нұсқада;
  • 3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность" пәні бойынша электронды оқулықтар.

Оқулықтардың мазмұнын талқылауға енді барша қазақстандық қатыса алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.