Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты eGov.kz порталы уақытша істемейді

Опубликовано:

e.Gov платформасы
e.Gov платформасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпанда сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі egov.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Осы уақыт аралығында келесі жүйелер уақытша істемейді:

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі.

Сонымен қатар "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063205-biryngai-uaqyt-beldeuine-kosuge-bailanysty-elektrondyq-ukimet-portaly-uaqytsa-istemeidi/

pixel