Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана халықаралық әуежайындағы жұмыс жанданды

Опубликовано:

Әуежай
Астана әуежайы. Фото: Көлік министрлігінің Telegram-дағы арнасы

Астана халықаралық әуежайында өрт шығып, салдарынан бірнеше рейс кешіктірілген болатын. Қазіргі уақытта әуежайдың жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана уақытымен 10:48-де Астана халықаралық әуежайының Т2 Ішкі ұшулар терминалы қолданысқа берілген.

"Ішкі ұшулар терминалында жолаушыларды рейске тіркеу ашылды. Сондай-ақ халықаралық рейстер терминалын іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Әуежайдағы жұмысты жалғастыру төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарының рұқсатымен мүмкін болды", - делінген хабарда.

Сонымен қатар Air Astana компаниясы өкілдері әуежайдың жұмысы қайта жанданып, ұшу кестесін қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады.

"Рейстің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтынан тексеруды сұраймыз", - делінген хабарда.

Еске сала кетсек, 27 ақпан таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлаған едік. 08:24-те өрт толықтай ауыздықталды.

Осыдан кейін әуежайдан ұшатын 18 рейс кешіктірілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063214-astana-xalyqaralyq-auezaiyndagy-zumys-zandandy/

pixel