jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: рейстердің ұшу уақытынан хабардар ету үшін "жедел желі" ашылды

Жедел желі қызметкері
Жедел желі қызметкері. Фото: NUR.KZ

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпаннан 2 наурызға дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жедел штабының базасында "жедел желі"ашылды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, рейстің ұшу және ұшып келу уақытын өзгерту мәселелері бойынша жолаушылар +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлеріне жүгіне алады.

Сондай-ақ ведомство өкілдері рейстің өзекті мәртебесін нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, авиакомпаниялардың қосымшалары мен колл-орталықтарына хабарласуды ұсынады:

  • Air Astana: + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
  • FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
  • SCAT: +7 7252 99 88 80;
  • Qazaq Air: + 7 727 356 14 14.

Айта кетейік, үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы no 20 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстанда жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: рейстердің ұшу уақытынан хабардар ету үшін "жедел желі" ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.