jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алматыда автобус өртенді (видео)

Автобус өртенді
Өртенген автобус. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда құтқарушылар автобусты шарпыған өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖД-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

27 ақпанда сағат 11:45-те Алатау ауданының құтқарушылары Қарасу ықшамауданында автобустың жанып жатқаны туралы хабарламаға шықты.

Құтқарушылар сағат 11:53-те келіп жеткен, автобус салонында жолаушылар болған жоқ. 10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12:00-де сөндірілді.

Оқыс жағдай салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 10 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.

Алматыда автобус өртенді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.