Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мобильді қосымшалардың үздік дизайнерлері анықталды

Опубликовано:

Қазақстанда мобильді қосымшалардың үздік дизайнерлері анықталды
Фото: adyrna.kz

24-25 ақпанда өткен "Design Battle" хакатоны онлайн және офлайн форматта өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 220-дан астам дизайнер, ал онлайн-трансляцияғаа 150-ден астам көрермен қатысты, деп хабарлайды adyrna.kz.

Елдің әр түкпірінен келген дизайнерлер екі бағытта өнер көрсетті: UX/UI және графикалық дизайн. Олар өздерінің шығармашылық дизайнын, соның ішінде логотиптерді, түстер палитрасын және бренд стилінің элементтерін, сондай-ақ сайт дизайны мен мобильді қосымшаның дизайнын ұсынды.

Іс-шара Халықаралық IT университетінің аумағында "ХАТУ" акционерлік қоғамы, "Сәби" қайырымдылық қоры және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Хакатонның бірінші күні этникалық стильде, айдентикада және дизайнның басқа да негізгі аспектілерінде тәжірибесі мол мамандар өткізген шебер сағаттарына арналды.

Хакатонның екінші күнінде қатысушылар жобалары бойынша қарқынды жұмыс жасады. Нәтижесінде "UX/UI" және "графикалық" бағыттағы 70 бірегей жоба іріктеліп, Кеңес Рақышев, "Сәби" қорының президенті Әсел Тасмағамбетова, ХАТУ мамандары және дизайн саласындағы тәуелсіз сарапшылардан құралған білікті қазылар алқасына ұсынылды.

"UX/UI дизайны" бағыты бойынша жеңімпаздар:

1 орын -Мұқашева Дильназ;

2 орын - Махматов Руслан;

3 орын - Райымқұлова Аружан.

"Графикалық дизайн" бағыты бойынша жеңімпаздар:

1 орын - Бұлхайыр Қасымхан;

2 орын - Тыркесбаев Ислам;

3 орын - Муптекеев Ұлан.

"Design Battle" хакатонының қатысушылары іс-шара туралы әсерін білдіріп, оны кәсіби өсу мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы екенін атап өтті.

Хакатонның жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Әр бағыт бойынша жүлдегер командалар бірінші орын үшін 500 000 теңге, екінші орын - 300 000 теңге және үшінші орын - 200 000 теңге сомасына сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар бірнеше қатысушы Кеңес Рақышев жобасында қазақ тілін үйренуге арналған бірегей қосымшаны құру бойынша ұсыныс алды. Жеңімпаздарды марапаттауға Кеңес Рақышевтің өзі, Қазақстанның суретшісі Мария Ильницкая, сондай-ақ Vexel дизайн агенттігінің негізін қалаушыcы Бауыржан Абдукадиров қатысты. Қазақстандық дизайн-қоғамдастықта бірінші рет өткізілген "Design Battle" хакатоны шығармашылық индустрияны дамытуға маңызды үлесін қосты.

Конкурстың сараптамалық қазылар алқасына венчурлік инвестор Кеңес Рақышев, "Сәби" қорының президенті Әсел Тасмағамбетова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің мамандары, сондай-ақ дизайн саласындағы тәуелсіз сарапшылар кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063244-qazaqstanda-mobildi-qosymsalardyn-uzdik-dizainerleri-anyqtaldy/

pixel