jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тарбағатай" ұлттық паркінің басшысы ағасын заңсыз жұмысқа алып, оған 4 жыл бойы жалақы төлеп келген

Ақша ұстаған ер адам
Ақша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Абай облысы прокуратурасы "Тарбағатай" ұлттық табиғи паркінің басшысы ағасын орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалу органының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс прокуратурасы "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ басшысы ағасын заңсыз жұмысқа алғанын, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алғанын анықтады.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде "Тарбағатай" МҰТП" РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.

Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне берілген.

"Тарбағатай" ұлттық паркінің басшысы ағасын заңсыз жұмысқа алып, оған 4 жыл бойы жалақы төлеп келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.