jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда жиырмаға жуық тағамдық қоспаға тыйым салынды

Балмұздақ
Балмұздақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Арменияда 19 тағамдық қоспаны пайдалануға тыйым салынды. 27 ақпанда ЕАЭО аумағында жаңартылған техникалық регламент күшіне енді, деп хабарлайды "24KZ".

Бұл құжат 8 жыл талқыланды. Тізімде бүкіл әлемде тыйым салынған қоспалар бар: мысалы, құмырсқа қышқылы және қызыл бояғыш кантаксантин. Құрамында алюминий бар қоспаларға да тыйым салынады - олар құрғақ сүт, дәмдеуіштер және үгітілген ірімшік өндірісінде кеңінен қолданылады. Көп дозада қолданған жағдайда, алюминий орталық жүйке жүйесінің, бүйрек функциясының бұзылуына және қатерлі ісікке әкеп соқтыруы мүмкін екені дәлелденген.

Тәтті дәм беретін стевияға да тыйым салынды. Тыйым салынған қоспалардың жаңа тізімі заттардың адам ағзасына теріс әсер ететінін анықтаған зерттеулер негізінде жасалған.

"Әрқайсымыз тұтынушы ретінде қауіпті зат ретінде қабылданатын тағамдық қоспаларға және Е индексімен таңбаланған тағамдарға әрқашан сақтықпен қараймыз. Сондықтан іс жүзінде осы жылдың 27 ақпанында күшіне енген өзгерістер техникалық регламент мәтінінің 70%-ға жуығын жаңартып отыр.

Алты айлық өтпелі кезең қарастырылған, оның барысында өндірілген өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар жарамды болады. Өнімдер Еуразиялық экономикалық одақ нарығында еркін айналымда болады", - дейді Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.

Қазақстанда жиырмаға жуық тағамдық қоспаға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.