Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу астаналық қоғамдық көліктерге қалай әсер етеді
Жарияланған күні:
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты Астанада қоғамдық көліктер жұмысында іркілістер байқалуы мүмкін. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Көлік компаниясының Instagram-дағы таратқан ақпаратынша, 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты, кейбір қызметтерде ақаулар болуы мүмкін:
- аялдамалардағы ақпарат таблоларында маршруттардың келу уақыты көрсетілмеуі;
- бағдарлар қозғалысын бақылайтын мобильді қосымшаларда бағдарлар қозғалысының көрсетілмеуі (Яндекс, 2гис, Avtobys-қа қатысты);
- мобильді қосымшалар немесе төлем терминалдары арқылы жол ақысын төлеу жүйелері.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қоғамдық көлік бекітілген кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмысын бастайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063575-biryngai-uaqyt-beldeuine-kosu-astanalyq-qogamdyq-kolikterge-qalai-aser-etedi/