jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу астаналық қоғамдық көліктерге қалай әсер етеді

Астана көшелері
Астана көшесіндегі адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты Астанада қоғамдық көліктер жұмысында іркілістер байқалуы мүмкін. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік компаниясының Instagram-дағы таратқан ақпаратынша, 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты, кейбір қызметтерде ақаулар болуы мүмкін:

  • аялдамалардағы ақпарат таблоларында маршруттардың келу уақыты көрсетілмеуі;
  • бағдарлар қозғалысын бақылайтын мобильді қосымшаларда бағдарлар қозғалысының көрсетілмеуі (Яндекс, 2гис, Avtobys-қа қатысты);
  • мобильді қосымшалар немесе төлем терминалдары арқылы жол ақысын төлеу жүйелері.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қоғамдық көлік бекітілген кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмысын бастайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу астаналық қоғамдық көліктерге қалай әсер етеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.