Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізуге мораторий жариялады

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының егжей-тегжейді жоспарлау жобасы заңда көзделгендей жылына екі рет өзгертілмейді. Қала әкімі Ерболат Досаев мораторий жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Былтыр үкімет Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын қабылдады, ал желтоқсан айының соңында осы шешімді жүзеге асыру мақсатында біз барлық полиорталықтардың егжей-тегжейлі орналасу жоспарына түзетулер қабылдадық. Алматы қаласының болашақтағы дамуы - шағын қабатты үйлердің құрылысы.

Мен 2024 жылы егжей-тегжей жоспалау жобасына түзетулер енгізуге мораторий жарияладым. Бір жылдан кейін не болатынын көреміз, егер өзгерту қажет болса, біз (бұл өзгерістерді - ред:) 2025 жылы жүзеге асырамыз. Биыл мен жылына екі рет түзету құқығын пайдаланбауды шештім.

Шыдаймыз... Менің ойымша, құрылыс компаниялары мен тұрғындар да мені түсінеді. Тым болмаса, бұған дейінгі жоспарлардың жүзеге асуына мүмкіндік берейік", - деді әкім Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Ол егжей-тегжей жоспарлау жобасы тұрғындар мен аудан әкімдерінің пікірлерін ескере отырып түзетілгенін атап өтті.

"Барлығы 100 пайыз орындалды деп айта алмаймын, өйткені қаланың өз даму жоспары бар.

Біз қоршаған ортаны да, құрылысты да жақсартуға тырысамыз; эконом-класстағы тұрғын үйлер азаяды, көлік тұрағы бар және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген үйлер салынады", - деді Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063644-dosaev-almatynyn-egzei-tegzeili-zosparlau-zobasyna-ozgerister-engizuge-moratorii-zariyalady/

pixel