Досаев сурет сыйлаған алматылықтан кешірім сұрады
Жарияланған күні:
Ерболат Досаев бұған дейінгі жиналыстардың бірінде портреті салынған картина сыйлаған алматылықтан кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімге сурет сыйлаған жігіт Досаевпен кездесуге тағы келді.
"Маған бола саған тап беріп жатыр. Кешір. Көрдім (сыйлық жөніндегі желі қолданушыларының пікірлері – ред. ескертпесі)... шын жүректен жасалған істер әрдайым қабылдана бермейді.
Осындай танымалдылық үшін... қандай реакция болғанын маған айтты. Бір жағынан қатты риза болдым. Бірақ саған келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймын", - деді әкім.
Алматылық жігіт Досаевтың айтқанымен келісетінін жеткізді.
"Дұрыс айтасыз. Отырып алып, пікір айту оңай... бірақ мұнда келу, бұл кездесуге дайындалу, идея ұсыну өте қиын", - деді ол.
Айта кетейік, 15 ақпанда өткен кездесуде Алматы қаласының тұрғыны Ерболат Досаевқа портретін сыйға тартты. Ол қала әкіміне Ақжар, Шұғыла шағынаудандарында жарық, су мәселесін шешуге ықпал еткені үшін алғыс айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063697-dosaev-suret-syilagyn-almatylyqtan-kesirim-surady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.