Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы 7 жасар қыздың өлімі: сотта істің жаңа деректері айтылды

Опубликовано:

Қыз бейнесі
Қыз бейнесі. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Алматыда жеті жасар қыздың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Іс бойынша қыздың өгей шешесі - күдікті. Сотта куәгерлердің сөзі тыңдалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сотта куәгерлерден жауап алынды. Олардың арасында сот-медициналық сарапшы, тергеуші, ювеналды полиция бөлімінің инспекторы да бар. Куәгерлерден жауап алу шамамен үш сағатқа созылды және адвокат пен жәбірленуші тарапынан эмоционалды өтті. Құқыққорғаушы сот отырысында судьядан үш ескерту алды.

Медициналық сараптама маманының мәліметінше, қыздың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан. Сарапшы бес соққы болғанын атап өтті. Адвокат қыздың бұл жарақаттарды құлаған кезде алуы мүмкін бе деп сұрады.

Алайда сарапшы мұны жоққа шығарып, құлаған кезде бір жақты жарақаттар алған деді. Ал мерт болған қыздың басында жарақат әр жерінен болған. Сонымен қатар қыздың қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын алған ескі гематомалары да болған.

Адвокаттың ашуына тергеушінің айғақтары, дәлірек айтсақ, марқұмның әкесі Бәкен Ғалымжанұлының күдіктілер қатарынан алынып тасталуы себеп болған. Құқық қорғаушының айтуынша, қыздың өлімі 2023 жылдың 10 шілдесінде таңғы сағат 10-дар шамасында болған.

Ал жарақат таңғы сағат жеті мен он арасында болуы мүмкін дейді адвокат іс материалдарына сілтеме жасап. Осы кезде қыздың әкесі қызын бөксесінен ұрған. Бұл туралы бұрын Бәкен Ғалымжанұлы куәгер ретінде мәлімдеген болатын.

Сондай-ақаса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламағаны және ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қыздың әкесі Бәкен Ғалымжанұлының үстінен іс қозғалғаны белгілі болды. Алайда әзірге іс тоқтатылды, дейді тергеуші.

Қыздың өлімі өткен жылдың шілде айында белгілі болды. Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыпты жиі жанжалдасқан. Әкесі де балаға қол көтерген. Ал қыздың анасы оны бір жасында тастап кеткен. Әкесі алып кеткенге дейін қыз әжесінің қолында болған.

Бұған дейін сотталушы жауап беріп, сотта куәгерлер, оның ішінде дәріхана қызметкері де жауап берген. Оның айғағы марқұм қыздың әкесінің сот залында бұрын айтқан сөзіне қайшы келеді.

Бұған дейін әкесі қайғылы оқиға болған күннің жай-жапсарын айтқан болатын. Оның айтуынша, қыздың өгей шешесі баланы үнемі ұрып-соғатын, соның ішінде қыз қайтыс болған күні де қол көтерген.

Оқиғаның мән-жайын марқұмның туыстары да айтып берді. Олар сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063743-almatydagy-7-zasar-qyzdyn-olimi-sotta-istin-zana-derekteri-aityldy/

pixel