Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда өлген адамдарды кремациялауға рұқсат берілді

Опубликовано:

Кремациялау
Кремациялау. Көрнекі фотосурет: gettyimages.com

Қырғызстанда крематорийлер салынады. Олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты, өйткені марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар бар.

Мұндай мекемелерді салу туралы тармақ "Жерлеу және жерлеу ісі туралы" заңда бар.

"Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері жай ғана қоқысқа лақтырылып жатыр", - деді Марлен Маматалиев.

Депутат крематорийлер үкімет қаржысына Қырғызстан қалаларында ғана салынатынын айтты.

"Кремациялау жұмыстарын қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асырады. Туыстары растау құжаттарын көрсетуі керек. Кім қаласа, сол жасай салатындай оңай нәрсе болмайды", - деді Маматалиев.

Британ энциклопедиясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазір кремация процесі мынадай: мәйіт арнайы камераға орналастырылады, содан кейін марқұмның күлін бақшаға немесе басқа таңдалған жерге шашады немесе урнаға салып, үйде, сондай-ақ арнайы зиратта сақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063884-qyrgyzstanda-olgen-adamdardy-kremaciyalauga-ruqsat-berildi/

pixel