Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар наурыздан бастап Куала-Лумпурға тікелей рейспен ұша алады

Опубликовано:

Алматы әуежайы
Алматы әуежайындағы көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы – Куала-Лумпур тікелей рейсі 2024 жылдың наурызында ашылады. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының айтуынша, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты, ал наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланған.

"Бізге келу туризмін дамытудың негізгі факторларының бірі осы жылдың маусымында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқтау болып саналады.

Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжанған", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тоқсейітова биыл қалада жаңадан 7 қонақүй салынатынын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, Алматыда 208,4 млрд теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы 7 қонақүйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған жобалар 2027 жылға дейін бітеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063911-qazaqstandyqtar-nauryzdan-bastap-kuala-lumpurga-tikelei-reispen-usa-alady/

pixel