Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орны сахнада": қара жұмыспен нәпақа тауып жүрген ер адам өнерімен жұрттың жүрегін жаулады (видео)

Опубликовано:

Бақтияр
Бақтияр. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

Бақтияр есімді азаматтың музыкалық аспапта ойнаған сәті желіге тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары 41 жастағы ер адамның орны сахнада екенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео krisp.tdk Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Ер адамның аты-жөні - Бақтияр Исаев. Ол 41 жаста. Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылында туған. Қазір Көксу ауданы, Балпық би ауылында тұрады. Ол бірнеше жылдан бері Алматы теміржолында қара жұмыс істейді. Ол қалаға жұмыс істеуге жазда және көктемде келеді.

Бақтияр көп сөйлемейтін, тұйық мінезді. Музыкалық аспап көрсе, ойнауға тырысатынын жасырмады. Музыкалық аспапта ойнаған кезекті бір сәтте, оны видеоға түсіріп алған. Оның туысы Арайдың сөзінше, ол туыстары арасында да музыкалық аспапта ойнайды", - деп жазылған видеода.

Ал желі қолданушылары Бақтиярдың орны сахнада екенін айтып, жарыса пікір жазды.

"Бұл кісінің орны сахнада", "Нағыз талант", "Алматыда кафеде пианинода ойнайтын кезі есімде", "Бұл кісі бала кезден талантты", "Музыкалық білімі бар", "Мейрамхана немесе кафеде ән айтса болады ғой", "Талантты жоғалтпайық", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064003-orny-saxnada-qara-zumyspen-napaqa-tauyp-zurgen-er-adam-onerimen-zurttyn-zuregin-zaulady-video/

pixel