Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі саясаттанушы, публицист Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Опубликовано:

Сейдахмет Құттықадам
Сейдахмет Құттықадам. Фото: facebook.com/Сейдахмет Куттыкадам

Белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Мәди Манатбектің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақ елі үлкен деңгейдегі мемлекетшіл тұлғадан айырылды. Белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды", - деп жазды Мәди Манатбек.

Оның сөзінше, қаралы хабарды 86-шы жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы қаһармандардың бірі Құрманғазы Айтмұрзаев жеткізген.

"Сейдахмет ағамыздың үйіне таңертең ғана барып, өзімен жүздесіп, ашық-жарқын сөйлесіп едік. Сырқатына байланысты ем-шараларын ақылдасқанбыз. Енді міне ағамыздан айырылып қалдық", - деген Құрманғазы Айтмұрзаев.

Мәди Манатбек жазушы Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтынын атап өтті.

"Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін.

Амал нешік, ағамыз да бақиға аттанды. Қазақ қоғамы мен туған-туысына қайғырып көңіл айтамын. Алды пейіш, арты кеніш болсын", - деп көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064166-qazaqstandyq-sayasattanusy-zazusy-seidaxmet-quttyqadam-omirden-ozdy/

pixel