jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде алимент төлемеген әке ата-ана құқынан айырылды

    Бала жетектеп бара жатқан әйел
    Әйел мен бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде сегіз жыл бойы баласына алимент төлемеген ақтөбелік әке ата-ана құқынан айырылған. Оның қарызы 6 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбелік жеке сот орындаушы Алмас Құлшановтың айтуынша, баласының алдында жауапкершілік алмайтын әке көп. Бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылса да нәтиже шығармайтындарды қылмыстық жауапқа тарту ісі жүріп жатыр.

    "Әкімшілік жауапқа тартудан нәтиже болмаған соң қылмыстық жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр. Биыл бір адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оның бір жылға бас бостандығы шектеліп, мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмысқа тарту жазасы берілді. Ол кісі төрт жылдан аса уақыт ішінде екі баласына бар болғаны 37 мың теңге ғана төледі. Қарызы 4 млн теңгеге жуық. Сот арқылы көлік жүргізу құқынан айрылды. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді", - деді сот орындаушы.

    Сот орындаушының айтуынша, өндірісте мұндай жағдайлармен жиі ұшырасады. Тағы бір жағдайда әкенің баласының алдындағы қарызы 6 млн теңгеге жеткен. Бұл сегіз жылда жиналған қарыз. Ер адам осы уақыт ішінде үш рет әкімшілік жауапқа тартылған. Кейін анасының шағымы негізінде сот алимент төлеуден жалтарған әкені ата-ана құқынан айырды. Бұл жағдайда баласының алдындағы қарызы мойнынан шешілмейтіні айтылды.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Айта кетейік, бүгінгі таңда Ақтөбе өңірінде алимент төлемей жүрген 710 адам бар.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.