Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі жер сілкінісіне байланысты жедел желі нөмірлерін жариялады

Жарияланған күні:

Ұялы телефон. Көрнекі сурет
Ұялы телефон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы әкімдігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы қаласында жер сілкінісіне байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірлері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Дүйсенбі, 4 наурызда сағат 11:21-де Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезініп, қалада сирена дыбысы естілді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Жер сілкінісінен кейін барлық қызметке дайын болуға тапсырма берілді. Алматы қаласы ТЖД басшысы Алматыда жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін екенін, қаупі әлі де сейілмегенін айтты.

Сағат 12:54-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында 10 шақырым тереңдікте екінші рет дүмпу болды, оны да қала тұрғындары сезді. Алматылықтар әйнектің сынықтары мен құлаған төбелердің суреттерін әлеуметтік желіде тарата бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064368-almaty-akimdigi-zer-silkinisine-bailanysty-zedel-zeli-nomirlerin-zariyalady/