Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі: қалада көлік кептелісі пайда болды

Опубликовано:

Кептеліс
Кадр: Instagram / adilet_rakhmetolla

Бүгін, 4 наурызда Алматыда қатты жер сілкінісі болды - жерасты дүмпуінен кейін қалада көлік кептелісі пайда болды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2 ГИС электронды анықтамалығындағы мәлімет бойынша, Алматыда сағат 11:47-дегі кептеліс 5 баллды көрсеткен.

Кептеліс туралы мәлімет
Кептеліс. Скриншот: 2GIS.kz

Ал 11:57-де кептеліс деңгейі 7 баллға жетті.

Кептеліс туралы ақпарат
Кептеліс. Скриншот: 2GIS.kz

Сағат 12:14-те кептеліс деңгейі 8 баллды көрсетті.

Кептеліс туралы ақпарат
Кептеліс. Скриншот: 2GIS.kz

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064325-almatyda-zer-silkinisi-qalada-kolik-keptelisi-paida-boldy/

pixel