Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі: қабылдау бекетіне қанша адам барды

Жарияланған күні:

Тұрғындарды қабылдау пункттеріндегі адамдар
Тұрғындарды қабылдау пункттері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының мыңнан астам тұрғыны жер сілкінісінен кейін қабылдау орындарына жүгінді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сағат 14:00-де қабылдау орындарына барлығы 1132 адам жүгінген.

Алматының аудандық әкімдіктері таратқан ақпаратқа сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп пен 115 балабақшада, 15 жоғары оқу орнында, 20 колледжде және 5 стадионда.

Қабылдау пункттерінде аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Дүйсенбі, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезініп, қалада сирена дыбысы естілді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Жер сілкінісінен кейін барлық қызметке дайын болуға тапсырма берілді. Алматы қаласы ТЖД басшысы Алматыда жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін екенін, қаупі әлі де сейілмегенін айтты.

Сағат 12:54-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында 10 шақырым тереңдікте екінші рет дүмпу болды, оны да қала тұрғындары сезді. Алматылықтар әйнектің сынықтары мен құлаған төбелердің суреттерін әлеуметтік желіде тарата бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064374-almatydyga-zer-silkinisi-1400-degi-zagdai/