Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі он екіден таңғы алтыға дейінгі аралықта жер сілкінеді": ТЖД басшысы желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Ұялы телефон ұстап тұрған әйел
Ұялы телефон ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық ТЖД басшысы әлеуметтік желіде жер сілкінісі туралы тараған "болжамға" қатысты пікір білдірді. Нұрлан Атығаев "түнгі сағат 12:00-ден таңғы 06:00 аралығында жер сілкінеді" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Атығаев бүгін, БАҚ өкілдерімен кездесуде мессенджерде тараған жалған ақпарат екенін айтты.

"Қазір әлеуметтік желіде түнгі 12-де жер сілкінеді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл өтірік. Бізде ондай ақпарат болса, дайындалып, қазір алдын ала эвакуациялық жұмыстар жүргізер едік. Біз қаңтар айында да, қазір де жер сілкінісі кезінде тек ресми өкілдерден ақпарат алу қажет екенін айтып жүрміз", - дейді ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

Бұған дейін ТЖД жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064434-tungi-on-ekiden-tangy-altyga-deiingi-aralyqta-zer-silkinedi-tzd-bassysy-zelide-taragan-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel