jitsu gif
Оқыс оқиға

    ТЖД жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті

    пернетақта
    Пернетақта. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ТЖ күштерін топтастыруға байланысты қала тұрғындары арасында жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қала тұрғындары арасында жалған ақпараттың таралуына байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қалада төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын топтастыруды күшейтіп жатпағанын хабарлайды.

    Азаматтық қорғау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.

    Бұған қоса ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жаза қарастырылғанын атап өтті.

    Алматыдағы жер сілкінісі

    Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

    ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

    Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

    Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

    Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

    Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

    Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

    Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

    Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

    ТЖД жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.