jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Дәрігерлер Алматыдағы күшті жер сілкінісіне қарамастан науқасқа ота жасауды жалғастырған (видео)

Дәрігерлер ота жасауда
Дәрігерлер ота жасауда. Фото: facebook.com/marat.sarshayev

Бүгін, 4 наурызда алматылық дәрігерлер күшті жер сілкінісіне қарамастан, науқасқа ота жасауды жалғастырды. Хирург Марат Саршаев операция бөлмесінде болған жағдай туралы Facebook желісінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігердің айтуынша, көпбалалы жас ана операция үстелінде жатқан. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатқанда, кенеттен қатты жерасты дүмпулері басталды.

"Бүгін біздің жадымызда мәңгі қалатын сынақпен бетпе-бет келдік. (...)

Қорқыныш, күмән, жігер – бәрі сол сәтте араласып кетті. Операция тобының негізгі хирургы ретінде менде таңдау тұрды: персоналды эвакуациялау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлығын қатерге тігіп, операцияны жалғастыру.

Әрқайсымыз қорқыныш пен белгісіздікке қарамастан, борыш пен адамгершіліктің пайдасына таңдау жасадық. Біз жұмысты жалғастырып, күшіміз бірлікте екенін дәлелдеп, операцияны сәтті аяқтадық", - деп жазды Марат Саршаев.

Хирург өз ұжымына ризашылығын білдіріп, операцияға қатысқандарды тізіп өтті:

  • Маханбетхан Шаяхмет;
  • Құжат Досхан;
  • Теменова Аслы;
  • Нағыметова Айжарық;
  • Оборонко Е.

"Сол қиын сәтте антыңызға адал болғаныңыз үшін рахмет", - деді ол.

Дәрігерлер Алматыдағы күшті жер сілкінісіне қарамастан науқасқа ота жасауды жалғастырған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.