Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белсенділік танытуға шақырамын": бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады

Опубликовано:

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз маслихатында
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз маслихатында. Фото: muftyat.kz

Бүгін, 5 наурызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады.

"Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын "Рамазан қоржыны", "Рамазан сыйы", "Рамазан тәттісі", "Жомарт жұма", сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын.

Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізген абзал екенін айрықша атап өткіміз келеді", - деді ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас муфти дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегін де жеткізді.

"Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі.

Сонымен қатар барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешені сынды маңызды ғимараттарға аз да болса үлес қосып, белсенділік танытуға шақырамын", - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064691-belsendilik-tanytuga-saqyramyn-bas-mufti-kasipkerlerge-undeu-zasady/

pixel