Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан – Ресей" форумының сметасы тым жоғары көрсетілген: бұрынғы мәдениет вице-министрі не үшін ұсталды

Жарияланған күні:

қылмыстық іс
Қылмыстық іс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталуына байланысты мән-жайды айтты. Істе Петропавлдағы Қазақстан – Ресей форумы аталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар нәтижесінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша онымен шарт жасасуды қолдаған. Сол себепті форумды өткізу үшін смета негізсіз 2 есеге ұлғайтылған, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеп соқтырды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік анықталып, тәркіленгенін хабарлады.

"Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, тергеу жалғасуда", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

Айта кетейік, 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Сол кезде ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінгені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064814-qazaqstan-resei-forumy-smetasy-tym-zogary-korsetilgen-buryngy-madeniet-vice-ministri-ne-usin-ustaldy/