Қазақстандықтар бір күнге "қартайды": eGov-та туған күн датасы қате болса не істеу керек
Жарияланған күні:
Читать на русском"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты eGov мобильді қосымшасында туған күні қате көрсетілген қазақстандықтарға не істеу керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ҰАТ өкілдері хабарлағандай, eGov мобильді қосымшасындағы"цифрлық құжаттар" қызметі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
"Android платформаларында цифрлық құжаттардағы деректерді дұрыс көрсетпеудің жекелеген жағдайлары анықталды. Егер қате дерек анықталса, қосымшадағы мәліметті өшіріңіз (Параметрлер - Қолданба - eGov Mobile - Сақтау - Деректі өшіру).
"ҰАТ" АҚ мамандары Android негізіндегі пайдаланушылардың туған күнін дұрыс көрсету үшін барлық қажетті жұмысты жүргізді", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар цифрлық құжаттарда туған күнін дұрыс көрсетпегені туралы жаппай шағымданған болатын. Бірыңғай уақытқа ауысқаннан кейін кейбір азаматтар бір тәулікке "қартайған".
Кейін ҰАТ өкілдері цифрлық құжаттар қызметінде деректерді дұрыс көрсетпеудің жекелеген жағдайлары анықталғанын, түзету жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064827-qazaqstandyqtar-bir-kunge-qartaidy-egov-qosymsasynda-tugan-kun-datasy-qate-bolyp-qalsa-ne-isteu-kerek/