Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірыңғай уақытқа көшкеннен кейін қазақстандықтар бір күнге "қартайды": ҰАТ түсінік берді

Опубликовано:

Құжат тексеру сәті
Құжат тексеру сәті. Көрнекі фото: Robert Michael / Picture Alliance / Getty Images

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov жүйесінде бірыңғай уақытқа көшкеннен кейін көптеген қазақстандықтың туған күні неге өзгергенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

1 наурызға қараған түнде Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының тұрғындары уақытты бір сағатқа артқа жылжытты.

Ал таңертең қазақстандықтар туған күні цифрлық құжаттарда дұрыс көрсетілмегенін айтып, жаппай шағымдана бастады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мән-жайды түсіндірді.

"2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша жұмыс жүргізілді. Біз 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверді жаңарттық (eGov.kz порталы, egov мобильді қосымшасы, e-license электронды лицензиялық порталы, "Е-Нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, "Техникалық инспекция" бірыңғай ақпараттық жүйесі, "e-Otinish электронды қызметі және тағы басқа)", - деді ҰАТ баспасөз қызметі өкілдері.

Олар мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша жұмыстар жүргізетінін атап өтті. Қазір жүйелер қалыпты жұмыс істеп тұр. ҰАТ өкілдері мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді екенін айтты.

Дегенмен "Цифрлық құжаттар" қызметінде деректерді дұрыс көрсетпеудің жекелеген жағдайлары анықталды.

Жеке куәлік
Жеке куәлік. Скриншот: NUR.KZ

"Қазір біз барлық қажетті жұмысты реттеп жатырмыз және деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063990-biryngai-uaqytqa-koskennen-keiin-qazaqstandyqtar-bir-kunge-qartaidy-uat-tusinik-berdi/

pixel