Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірыңғай уақытқа көшкеннен кейін қазақстандықтар eGov жүйесінде бір күнге "қартайып кетті"

Опубликовано:

e.Gov платформасы
e.Gov платформасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар цифрлық құжаттарда туған күні өзгеріп кеткенін айтып, шағымданып жатыр бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін кейбір азаматтар бір күнге "қартайған". Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтардың цифрлық құжаттарында туған күні өзгеріп кеткен. Құжатты eGov қолданбасы немесе веб-сайты арқылы қараған кезде туған күні алдындағы күнмен көрсетілген.

Цифрлы жеке куәліктің скриншоты
Цифрлы жеке куәліктің скриншоты: NUR.KZ

Цифрлы жеке куәліктің скриншоты
Цифрлы жеке куәліктің скриншоты: NUR.KZ

NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдеріне хабарласты.

"Қазір сарапшылар тексеріп жатыр, себебін анықтаған кезде жауап береміз", - деді олар.

Айта кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуіне байланысты пайдалы кеңестер топтамасын жариялаған едік.

Еске сала кетейік, Азаматтық авиация комитеті рейстің ұшу және ұшып келу уақытын өзгерту мәселелері бойынша жолаушылар мына нөмірлерге жүгіне алатынын хабарлады: +7 7172 79821, +7 7172 798213.

Одан бөлек, рейстің мәртебесін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, авиакомпаниялардың қосымшалары мен колл-орталықтарына хабарласа алады:

  • Air Astana: + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
  • FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
  • SCAT: +7 7252 99 88 80;
  • Qazaq Air: + 7 727 356 14 14.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063922-biryngai-uaqytqa-koskennen-keiin-qazaqstandyqtar-egov-zuiesinde-bir-kunge-qartaiyp-ketti/

pixel