Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған активтерінің сомасы ондаған миллиардқа өсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қайрат Сатыбалды
Фото: inbusiness.kz

Антикордың брифингінде сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыдан өндірілген мүліктің көлемі қанша екені айтылды. Қайтырылған сома ондаған миллиардқа өскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, 2022 жылдан бері мемлекетке 1 триллион теңгеден астам мүлік қайтарылған.

"Оның 732,8 млрд теңгесі Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аясында қайтарылды", - деді ол.

Сондай-ақ агенттік өкілінен Қайрат Сатыбалдыұлының "темір тордың ар жағында" отырып, қонақүй сатып алғаны туралы ақпаратқа түсінік беру сұралды.

Арман Тілеукенов мән-жайды анықталып жатқандықтан, әзірге ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, биыл қаңтар айының басында Сатыбалдының мемлекетке қайтарған мүлкінің жалпы сомасы 650 млрд теңге екені белгілі болған еді. 2024 жылдың ақпан айында Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке қосымша 44,6 миллиард теңге қайтарылды.

Қайрат Сатыбалдыұлы ісі

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылғы 13 наурызда ұсталды. Ол қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қамауға алынды.

Сол жылдың 24 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады.

2022 жылғы қыркүйек айында сот Сатыбалдыұлын кінәлі деп тауып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазасын Өскемен қаласының іргесіндегі №22 мекемеде өтеуге жіберілді.

2023 жылғы қазан айында Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыұлының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екенін айтқан. Алайда кейін оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартылғаны белгілі болды.

Желтоқсан айында тәртіп сақшылары Қайрат Сатыбалдыұлының 120 миллион доллар көлеміндегі қаражатын қайтаруды қамтамасыз еткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064846-qairat-satybaldynyn-memleketke-qaitargan-aktivterinin-somasy-ondagan-milliardqa-osti/