Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлының 120 млн доллар активтері мемлекетке қайтарылды

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалдыұлы
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: ulttyqsport.kz

Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражаты мемлекет бюджетіне қайтарылды. Бұл туралы Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдауда.

"Осы желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті. Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді", - делінген хабарламада.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтарған.

Олардың қатарында әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар бар.

Антикор заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлім етті

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі

Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың наурыз айында "Қазақтелеком" АҚ-да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен ұсталды. Кейін құқық қорғау органдары оның басқа қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қайрат Сатыбалдыұлы "ЦТС" және "Қазақтелеком" компанияларына 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығын өтегені белгілі болды. Прокуратура бұл үкім шығарудағы жеңілдететін жағдайлардың бірі болғанын айтты.

2022 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен Қайрат Сатыбалдыұлы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол Өскемен қаласының маңында орналасқан №22 мекемеге жазасын өтеуге жіберілді. 2023 жылдың қазан айында Бас прокуратура өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығы барын мәлімдеген.

Алайда сот Қайрат Сатыбалдыұлын шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Кейін сот өкілдері мұның себебін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051623-antikor-qairat-satybaldyulynyn-120-mln-aqs-dollar-aqsalai-qarazaty-memleketke-qaitarylganyn-malim-etti/

pixel