Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде 2 миллионнан астам қазақстандықтың дербес деректері тарап кеткен

Опубликовано:

Компьютер
Компьютер. Көрнекі фото: pixabay.com

"Мемлекеттік техникалық қызмет" мамандары zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттері болған қазақстандықтардың жеке деректері тарап кеткенін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ zaimer.kz ("МҚҰ "ЖШС Робокеш.кз") микроқаржы ұйымының клиенттері болған 2 млн-нан астам қазақстандықтың астам жеке деректерінің таралуын анықтады.

"Жалпы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ - 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн, adengi.ru - 6.8 млн.); Филиппин - 5 млн. (digido.ph); Вьетнам - 2 млн (vietloan.vn) деректері анықталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ таратылған деректерге талдау жүргізді.

Цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтынын мәлімдеді.

Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша деректер базасының операторларына қатысты заң талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылады, сондай-ақ санатына қарай 100-ден 1000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Министрлік тарапынан жеке деректердің таралуына жауапкершілікті күшейту шараларын қарастырылып жатыр", - деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064904-zelide-2-millionnan-astam-qazaqstandyqtyn-derbes-derekteri-tarap-ketken/

pixel