jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

8 наурызда Қазақстанның қай қалаларында қыз-келіншектер автобуста тегін жүреді

Автобус іші
Автобус іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның кей қалаларында қыз-келіншектерге қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметінше, ертең, 8 наурызда әйелдер үшін №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттарында жол жүру тегін болады.

Қоғамдық көліктер 6:40 пен 21:00 аралығында жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасындағы ақпарат бойынша мереке күні қыз-келіншектер, аналар, әжелер жол ақысын төлемейді.

Қалаға қызмет көрсететін бес компанияның да автобустары 8 наурызда әдеттегі кесте бойынша қатынайтын болады.

Әкімдік өкілдері атыраулық әйелдерге де осындай сыйлық жасауды ұйғарды. Қалалық әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында қала маңындағы маршруттарда да нәзік жандыларға тегін жол жүру қарастырылған деп жазылған.

Атырауда автобустар әдеттегі кесте бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, оңтүстік астанада бұндай жеңілдік жоспарланбаған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram