Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларға ораза ұстау міндет пе: ҚМДБ жауап берді

Жарияланған күні:

Ораза
Дастархан. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы балаларға ораза ұстау міндет пе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан".

Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап. Хадисте: "Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз делінеді", - делінген ҚМДБ жауабында.

Айта кетейік, Қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталды. Ал сәуірдің 5-нен 6-на қараған түнінде Қадір түні болады. 10 сәуірде болса Ораза айт мерекесі өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды ораза айының басталуымен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065875-balalarga-oraza-ustau-mindet-pe-qmdb-zauap-berdi/