jitsu gif

24 жылдан бері таксиші болып жұмыс істейін 70 жастағы маңғыстаулық әжей туралы не білеміз

Гүлшара Жолдасбаева
Гүлшара Жолдасбаева. Фотосурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізушісі болып жұмыс істеп келеді. Бұл туралы inАktau.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Гүлшара Жолдасбаева 2000 жылдан бері такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 7 бала тәрбиелеп, бүгінде 15 немере сүйіп отыр.

"Өмірде түрлі қиындықтар болады. Менің де қиын жағдайлардан өтуіме тура келді. Балаларым кішкентай еді, жұбайым жоқ. Балаларымды асырау үшін көлік жүргізуге мәжбүр болдым. Алғашында ауылда таксиші болдым. Ол кезде ондай қызмет жоқ еді, ауылдастарым таңғалатын. Төрт-бес жылдан кейін Шетпе Ақтау тасжолына шықтым", – дейді Гүлшара Жолдасбаева.

Осы жылдар ішінде ол ереже бұзбаған және жылдамдықты асырмаған. Сенімді жүргізушіге айналған әжей сапарға шығатын уақытты таңдамайды: таңертең ерте де, түнде де жол жүре береді.

24 жылдан бері таксиші болып жұмыс істейін 70 жастағы маңғыстаулық әжей туралы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.