Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижде сүйіктісіне сөз салған қазақстандық инженерді Франция президенті құттықтады

Опубликовано:

Санжар Тайжан, Эммануэль Макрон
Видеодан кадр: Instagram/Санжар Тайжан

Қазақстандық инженер Санжар Тайжан Париждегі Эйфель мұнарасының жанында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдірген. Жастарды Франция президенті Эммануэль Макрон құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санжар Тайжан Франция президенті Макронның құттықтаған сәтін видеоға жазып алып, Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

Бейнежазбада жастар Макронға өздерінің бүгін ғана сөз байласқандарын айтады.

"Біз қазір ғана сөз байластық, жүзік тақтым, біз Қазақстаннанбыз", - дейді олар.

Оған жауап ретінде Макрон жастарды құттықтап, Қазақстанда екі рет болғанын айтты.

Санжар Тайжанның жазбасына сүйенсек, ол бүгін, 11 наурызда сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдірген, ал бірнеше сағаттан соң Макронды жолықтырып, құттықтауын алған.

Айта кетейік, Санжар Тайжан - TaiSan Motors компаниясының негізін қалаушы, бас директоры, Warwick Boring жобасының негізін қалаушы және Илон Маск байқауларының 2 дүркін финалисі.

2019 жылы Санжар Тайжан Forbes Қазақстанның "30 жасқа дейінгі 30" тізіміне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066325-parizde-suiiktisine-soz-salgan-qazaqstandyq-inzenerdi-franciya-prezidenti-quttyqtady-video/

pixel