Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: Қазақстанның бірқатар облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жол жүріп келе жатқан көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

12 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы нашарлауы мүмкін. Синоптиктер дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада наурыздың 12-сі түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде көктайғақ болады. Облыс солтүстігінде, шығысында болса тұман күтіледі.

Сондай-ақ ертең түнде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыс солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы әрі тау бөктерлі аудандарында таңертең және күндіз құйын жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының батысында әрі солтүстігінде күндіз қар аралас жаңбыр, көктайғақ болады деген болжам бар. Түнде және таңертең облыс солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыс орталығында және оңтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болмақ, кей жағдайда жел екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыс солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыс солтүстігі мен шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Ал Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Облыс батысы мен оңтүстік-шығысында түнде әрі таңертең тұман күтіледі.

Синоптиктердің болжауынша, Қостанай облысында күндіз қар, ал оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыс солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік-батыстан жел соғады, облыс оңтүстігінде күндіз жел жылдамдығы 15 м/с дейін жетеді деген болжам бар.

Павлодар облысында күндіз қар аралас жаңбыр (көбіне қар), облыс оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ал түнде әрі таңертең тұман болады. Солтүстіктен жел соғады, облыс оңтүстігі мен шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында түнде және танертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с болмақ, күндіз кей уақытта тіпті 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066514-qar-zanbyr-zauyp-naizagai-oinaidy-qazaqstannyn-birqatar-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel