Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

Опубликовано:

Жұмабай Шаштайұлы
Жұмабай Шаштайұлы. Фото: qalamger.kz

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды ақын, мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook желісіндегі парақшасында естіртті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл Ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты… Өкінішті… Сөз жоқ…

Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген сәби болмысты Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр… Сізді сағынатын болдық… Бақұл болыңыз, Аға… Біз Сізге әлі ораламыз…", - деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Жұмабай Шаштайұлы - жазушы, ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және "Алаш" сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1950 жылдың 10 қазанында Алматы облысындағы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

"Коммунизм жолы" газетінде, 1980-87-жылдары "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде, 1987-90 жылдары "Жалын" журналында жұмыс істеген. 1990-92 жылдары "Қазақ тілі" қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметінде болды. 2008-2017 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болған.

Жащушының 1982 жылы "Таң нұры" атты ұжымдық жинаққа "Қияда" атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан "Қызын кар" атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға іліккен. "Жала мен нала" (1987), "Жыр жолбарыс" (1996), "Біздің заманның Аяз биі" (1997), "Жаңғырық" романы (2004), Таңдамалы 2 томдық жинағы (2010), "Аяз би" романы "Жазушы" баспасында қайта басылып шығарылды 2013 жылы қайта басып шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066616-zazusy-zumabai-sastaiuly-qaitys-boldy/

pixel