jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Әкімдік өкілдері Алматыда жауып жатқан қар қашан тоқтайтынын айтты

Қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда кешеден бері қар толассыз жауды. Қалалық әкімдік өкілдері қар шығару, су тасқынының алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, 12 наурызда сағат 22:30-да жаңбыр жауып, кейін жылбысқы қарға ұласты. Қаланың тау бөктеріндегі аудандарында түнде қалыңдығы 10 см-ге дейін жететін қар жауды.

Түнгі уақытта қалада 52 жедел мобильді топ жұмыс істеп, суармалы арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етті.

"Су тасқынының алдын алу және жою үшін 465 арнайы техника, 18 мотопомпа ұйымдастырылып, 140 жұмысшы тартылды, 2200 құм салынған қап бар", - деп хабарлады ведомстводан.

Әкімдік сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қалада су тасқыны тіркелмегенін мәлімдеді.

"Таңғы сағат 5-тен бастап қаланың жоғарғы бөлігінде қар күрейтін 6 техника ұйымдастырылды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдік өкілдері "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап қар түскі сағат үште тоқтайды деп күтілетінін жеткізді.

Әкімдік өкілдері Алматыда жауып жатқан қар қашан тоқтайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.