Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Опубликовано:

Әуежайдағы күту залы
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы халықаралық әуежайында бүгін, 13 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігіп жатыр. Бұған әуежайдың ресми сайтындағы ақпарат дәлел.

Мәселен, сағат 10:20-дағы ақпарат бойынша Өскемен, Астана, Шымкент, Жидда, Ақтау, Атырау және басқа да қалалардан ұшып келетін ұшақтар кешігіп жатыр.

Рейстер
Рейстер. Скриншот: alaport.com

Айта кетейік, Алматыда қар әлі жауып жатыр, синоптиктердің болжамынша, түскі сағат үш шамасында тоқтайды. Бұл ретте қаланың тау бөктеріндегі аудандарында түнде қар қалыңдығы 10 см-ге дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067480-almaty-auezaiynda-reister-kesigip-zatyr/

pixel