jitsu gif branding logo appbranding logo app

Наурыз жаңаша тойланады: енді демалыс күндері көбейе ме

Наурыз
Наурыз мерекесіндегі безендіру. Фото: Didar Kushamanov/Majority World/Universal Images Group via Getty Images

Мәдениет министрлігінің комитеті Наурыз мейрамын жаңа форматта – 14-23 наурыз аралығында тойлау ұсынысына байланысты Қазақстанда демалыс күндерін өзгертуге қатысты түсінік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ОКҚ-да өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілі Наурыз мейрамының жаңаша түрде – 21-23 наурызда ғана емес, Наурызнама деп аталатын 14-23 наурыз аралығындағы онкүндікте тойланатынын хабарлады.

Әр күннің өзіндік атауы болатыны және түрлі салт-дәстүрлерге арналатыны, бұл күндері мерекелік шаралар да өтетіні айтылды.

Мәдениет комитеті "Наурызнама" туралы ұсыныс бойынша Қазақстандағы демалыс күндері көбейе ме, жоқ па деген мәселенің басын ашты. Жаңа форматта мерекелеуде қосымша демалыс жоқ болып шықты.

"Наурыз мерекесіне арналған демалыс күндері заңға сәйкес 21-23 наурыз аралығында сақталады", - деп түсіндірді комитеттегілер.

Наурыз мерекесіне орай демалыс күндерінің ұзару мүмкіндігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де түсініктеме берді.

"Мерекелер туралы" заңға сәйкес Наурыз мейрамы – мемлекеттік мереке және 3 күн тойланады. Қолданыстағы заңға ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.

Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан айтылған ұсыныстар 10 күндік мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатысты деп есептейміз", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметі Қазақстандағы Наурыз мейрамының басты символы қызғалдақ деп жариялаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы Наурыз мейрамында бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 21 - 25 наурызда демалады, себебі кейбір мерекелер демалыс күндеріне сәйкес келеді. Алты күндік жұмыс аптасы барлар 21 - 24 наурыз күндері демалады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.