jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Мышьяк, сынап, қорғасын: Қостанай облысында топырақтағы, судағы ауыр металл мөлшері шамадан асып кеткен

Ауыр металлдар көмілегн төбе
Зиян металлдар көмілген төбе. Видеодан кадр: 24.kz

Қостанай облысында табиғи және техногендік ластану анықталды. Атап айтқанда, топырақтағы, судағы және кен орындарындағы сынап пен басқа да ауыр металдардың мөлшері шамадан асып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, топырақта, суда және кендерде сынаптың артық мөлшері мен басқа да ауыр металдардың бар-жоғы туралы қорытындыны мониторингтік топ жасап, бір жыл бойы химиялық элементтердің қоршаған ортаға әсері сарапталған. Жұмыс Жітіқарада, тұрғын үйлерге жақын жерде жүргізілген.

Бұл аумақта өткен ғасырдың ортасында алтын ашық әдіспен өндірілген, өңдеу кезінде сынап пен мышьяк пайдаланылған.

Зауыт жабылғаннан кейін зиянды металдарды жерге көміп тастаған. Ол жер астында 50 жылдан астам уақыт жатқан. Алайда жел мен судың әсерінен айналаға тарай бастаған.

Салдарынан, телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, бұл жақын маңдағы тұрғындардың денсаулығына кері әсер еткен. Олар жазда әлсіздік пен жағымсыз иіске шағымдана бастаған.

"Қазіргі уақытта қалпына келтіру жобасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп, мышьяк, сынап, қорғасын, мыс, никель сияқты ауыр металдардың артық мөлшері анықталды.

Максималды асып кету 100 метрге дейінгі радиуста табылды. Ең жақын тұрғын үйге дейін шамамен 86 метр. Жітіқара ауданының әкімдігі үйді-үйді аралап, тұрғындарға ескерту жасалды", - деді Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Светлана Арсентьева.

Мышьяк, сынап, қорғасын: Қостанай облысында топырақтағы, судағы ауыр металл мөлшері шамадан асып кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.